Щучинск қаласындағы Республикалық шаңғы базасында 2015 жылғы 19-27 наурыз аралығында шаңғы жарысынан Қазақстан Республикасы чемпионатының 2-ші кезеңі өтті. Бұл жарыста еліміздің солтүстік аймақтарынан 8 команда қатысты. Астана қаласының командасы жалпы командалық есепте 6-шы орын алды.

Жарыстың бірінші күні, 20 наурызда, ерлер мен жасөспірімдер 3,75 км классикалық жүрістен жарысты.  Марк Старостин – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Астана қаласының Олимпиадалық резерв дайындау орталығының шаңғы жарыс бөлімінің спортшысы осы жарыста Щучинск қаласының спортшысы Николай Чеботькоға жол беріп, II орын алды.

         Келесі күні, 21 наурызда,ізбен еркінжүруден жарыс өтті, бірінші күннің қорытынды нәтижесінің негізінде сөрелік хаттама жасалды, спортшылар алдыңғы күннің табысымен бастады. Марк Старостин Николай Чеботьконы қуып жете алмады, ізбен жүру жарысында да II орын иеленді.

Олимпиадалық резерв дайындау орталығы

Яндекс.Метрика