Талдықорған қаласында 17-21 ақпан  аралығында еркін күрестен, әйелдер күресі және грек-рим күресінен IVспартакиада мен ҚР чемпионаты өтті.Астана қаласының «Олимпиадалық резерв дайындау орталығы»спортшылары 3 алтын, 4 күміс және 3 қола медалға қол жеткізді. Жеңіс тұғырының шыңында А. Абдильдина (58кг.), ол бірінші кездесуде ОҚО спортшысы Н. Элимбетованың жауырынын жерге тигізіп жеңді, ал СҚО спортшысы Н. Аманжолованы 10:0 есебімен, соңғы кездесуде И. Кисельді 5:0 есебімен жеңді.

Ж.Эшимова (53кг.)О. Дуденко(10:0) жәнеА. Бойкомен (таза жеңіс) күресті. Екі спортшыда Павлодар облысынан,ақтық сайыста Алматы спортшысы Яхьярованы 6:3 есебімен жеңіп,IV cпартакиадамен ҚРЧ чемпионы атанды.

IV cпартакиада мен ҚРЧ чемпионы атағына ие болған үшінші алтын медальдің иегерігрек-рим күресінің балуаны Картиков Досжан (75кг.) Бірінші кездесуде Д.Дукебаевты таза жеңді, екінші кездесуді А. Дильмухаметовпен өткізді(3:0), ал Е. Ережеповті (8:0) есеппен жеңді.

Күміс медаль иегерлері: С. Окасов (65кг.)(еркін күрес), И. Кисель (58кг.), А. Шиндавлетова (75кг.) және  А. Кустубаев (85кг.)(гр/рим. күресі).

Қола медаль иегерлері: Е. Абдрашев (97кг), Н. Байтараков (97кг.)(еркін күрес)  және З. Кунангараева (69кг.).

 

Олимпиадалық резерв дайындау орталығы

Яндекс.Метрика