Олимпиадалық резерв дайындау орталығының спортшылары 3 - 9 ақпан аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінде таеквондодан өткен халықаралық турнирде 3 медаль жеңіп алды. Бүкіл әлем бойынша 650 спортшы қатысқан G-1 рейтингтік турнирі Фуджейра қаласында өтті. Ашылу салтанатына Фуджейраның мұрагер ханзадасы - Шейх Мохаммед бин Хамад бин Мохаммед Аль Шарки қатысты. Турнир қорытындысы бойынша  ОРДО спортшылары 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль иеленді. Алтын медаль иегері - Бірімбай Эльдар (45кг, жасөспірімдер арасында),күміс медальиегері - Жұматай Гүлдана (47кг, кадеттер арасында) және қола медаль иегері – Бибалаева Гүлім (67кг, ересектер арасында).

Олимпиадалық резерв дайындау орталығы

Яндекс.Метрика