Америкалық Колорадо – Спрингс қаласында 29 қаңтарда грек-рим күресінен Девид Щульц мемориалына арналған жыл сайынғы турнир өтті. Қазақстанның ұлттық құрамасы осы Халықаралық турнирге америкалық базада оқу-жаттығу жиынын қатар өткізетін Америка, Ресей, Жапония, Үндістан, Болгария спортшыларымен бірге  қатысты. Ойын алаңында ОРДО-дан 2 балуан  Картиков Досжан мен Күстібаев Азамат күресті. Картиков Досжан ойын алаңына 3 мәрте шықты, біріншітартыста 2 дүркін әлем жүлдегері американдық Джастин Лестермен күш тартысып 8:0 есебімен жеңіске жетті. Екінші тартыста болгарлық спортшыны 8:0 есебімен жеңіп, финалда  қарсыласы алаңға шықпай Досжан осы жылдағы алғашқы жеңіске қол жеткізді. Күстібаев Азамат 3 орын үшін тартыста жеңіліп,мәретұғырына шыға алмады.

Олимпиадалық резерв дайындау орталығы

Яндекс.Метрика