15 желтоқсанда Гонконгта жастар және кадеттер арасында дзюдодан VIII Азия чемпионаты аяқталды. Медаль үшін 18 елдің дзюдоисттері күресті, олардың арасында біздің еліміздіңөкілдері де бар.
Астана қаласының «Олимпиадалық резерв дайындау орталығы»спортшыларының көрсетілімі табысты болды. Азия чемпионатының алтын медалін ең жас спортшы Ақмарал Наутбек (1998 ж.т., салмағы 40кг ) иеленді. Күміс медальді Абилкадирова Айгерим (1996 ж.т. салмағы 57кг. ) жеңіп алды.
Баймахамбетов Мейрлан5-ші орынды иеленді. ( 1994 ж.т. салмағы 60 кг).
Біздің спортшыларды және олардың жаттықтырушысы Б.Б Данияровты құттықтаймыз.
Олимпиадалық резерв дайындау орталығы