Қазан айының аяғында, Астананың «Дәулет» спорт кешенінде күрестен Қазақстан Республикасының Кубогы өтті.

ГРЕК-РИМ   КҮРЕСІ.

Астана қомандасының құрамына ОРДО-дан 5 спортшы енді: Жетпіс   Жандос (салмақ дәрежесі  59 кг),  Ізбасқанов   Ахмет  (66 кг),  Молдахмет   Самат  (71 кг),  Картиков   Досжан  (75 кг),  Күстібаев   Азамат (80 кг).   Біздің командада жұптастыру екі салмақ дәрежесі бойынша 59  кг  және  66 кг өтті.    Молдахмет   Самат    жарақат алған себебіне байланысты,   Ізбасқанов Ахметті 66 кг салмақ  дәрежеден 71 кг салмақ  дәрежесіне  ауыстыруға тура келді, сондықтан команда сәл әлсіреп қалды. 

Топ бойынша біздің спортшылар жарыста жеңіп шықты, алайда, жартылай мәреде Алматы облысыныңкомандасына  3:5 есеппен жеңіліп қалды.  З-ші орын үшін ОҚО командасымен күш сынасып,  7:1.  есебімен 16 команда арасынан  үшінші орынды иеленді. 

 

ЕРКІН  КҮРЕС

Астана құрамасы атынан 10 спортшы күресті, олардың 6  ОРДО спортшылары:  Кұттыбек  Д. (салмақ дәрежесі  57 кг), Оқасов  С. (65 кг),  Амалбек  А. (70 кг), Ізбасар Б.  (74 кг), Әбдірашев   Е.  (96 кг)  жәнеБайтарақов  Н.  (96 кг); жұптастыру екі  салмақ  дәрежелері  бойынша  70 кг және 96 кг арасында өтті.  Мәреге шығу кезіндегі күресте біздің команда 5:3   есеппен Павлодар, Атырау, Шығыс-қазақстан және Жамбыл облыстарының командаларын жеңді.  Ал мәреде Алматы облысының командасымен кездесті. Біздің командадан Әбдірашев Ералы жарақат алуына байланысты күреспеді, оның орнына Байтарақов Нұрғали шықты, ол жаңадан ғана ауыр салмақ дәрежесіне ауысқан болатын. Сондай-ақ Ізбасар Бауыржан өкінішке орай жеңіліске ұшырап, үмітімізді ақтай алмады.

Қорытынды нәтиже – 2 орын.  Бұл да әрине көрсеткіш, бірақ команданың еңсесі түсіп кетті...

ӘЙЕЛДЕР КҮРЕСІ.

Әйелдер күресі бойынша Қазақстан Республикасының Кубогын Астана  қомандасы жеңіп алды!

Қазақстан Республикасының Кубогының соңғы күні  әйелдер командасы арасында кубогтар, медальдар, ақшалай сыйлықтар ойнатылды.

Қорытындысында Астана қомандасының құрамасы  бірінші орынды жеңіп алды,  құрамында Ұлттық құраманың спортшылары  – Татьяна  Аманжол,  Жұлдыз  Эшимова,  Айым  Абдильдина ,  Гузель Манюрова   және  Альфия  Шиндавлетова  -  бұлардың барлығы Астана қаласының Олимпиадалық резерв дайындау орталығының спортшылары.

Екінші орынды Алматы облысының спортшылары иеленсе, үшінші орын Павлодар облысының еншісінде бұйырды.

 

Олимпиадалық резерв дайындау орталығы