2014 жылдың 24 қазанында Паралимпиадалық Азияойындары Астана қаласының Олимпиадалық резерв дайындау орталығы спортшысы Ануар Ахметов үшін өте сәтті аяқталды.

         5 алтын медаль (брасс 100м,  кешенді жүзу 200 м, арқада жүзу 100 м, кешенді  эстафета 4х100 м, еркін стильдегі эстафета  4х100м),   3 күміс  (еркін стильде  50,  100  және  400  метр)   және1 қола медаль (100 метрлікбаттерфляй)  осындай нәтижелерге қол жеткізе отырып, байрақты бәсекеде біздің жүзушіміз жеңіске жетті.

         Ануар жүзуді жаңадан бастаған жоқ:ол2009–2014  жылдарындағы Қазақстан чемпионы.

         2010 жылы Қытайдың Гуанчжоу қаласында  өткен Паралимпиадалық Азия ойындарында  Ануар Ахметов  күміс және қола жүлдегер атанған. Ол еркін стильде жүзуден жаңа азиаттық рекорд көрсетті.

2011 жылы Қазақстанның ең мықты паралимпиадашысы атанды. Ұлыбританияның ашық чемпионатында ол барсспен жүзуде және арқада жүзуде екі қола медальға ие болған еді. Осындай жеңістерден кейін ол Паралимпиадалық ойындарға жолдама ұтып алды.

Ануар 21 жаста, ол Астана қаласының Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті.

Ойынның екінші қатысушысы – 20 жастағы ОРДО спортшысы Уақпаев Әлібек. Ол да эстафета қатысушысы болды, Қазақстан қоржынына алтын медаль салды.  400 метрге дейін және 50 метрге дейін еркін стильде жүзуде  ол бесінші және жетінші орынды иеленді.

Далиев   Сиязбек  - 4х100 эстафетада еркін жүзуден Ойынның қола жүлдегері атанды. 50 метрге дейін баттерфляй  жузуде ол бесінші орынды иеленді.

Біздің спортшылар Қазақстан командасықоржынына өз үлестерін қосты, соның ішінде 7 алтын, 6 күміс, 11 қола медальдар иеленіп, Азия Паралимпиадалық ойындардың бейресми есебінде 11  орынды қанағат тұтты. 

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бапкері Загородный Владимир Кирилловичпен бірге жеңіс қуанышымен бөлісеміз.

Тамаша жеңіспен құттықтаймыз!

25 қазанда сағат 16:45-те Сеул рейсінен Алматы қаласының аэропортына Қазақстан паралимпиадашыларының барлық спорт делегаттары келеді.

Аэропорттың ВИП-залында ойынның чемпиондары мен жүлгелерлерімен салтанатты кездесу рәсімі өтеді, біздің спорт қаhармандарының қатысуымен  брифинг өткізіледі.

26  қазанда,  сағат  15:42 -де,  № 9поездбен біздің паралимпиадашылар Астана қаласының теміржол вокзалына келіп тоқтайды.

 

Олимпиадалық резерв дайындау орталығы

Яндекс.Метрика