Алматы қаласында 25-30 тамызы аралығында спорттық гимнастикадан көп сайыстың жеке түрлерінен  Қазақстан Республикасының  Чемпионаты өтті.

ҚР спорт шебері бағдарламы бойынша, көпсайыстың жеке түрлерінен ОРДО спортшысы Бауыржанова Аида өте жақсы нәтиже көрсетті, ол бағдарламаның барлық түрлерін жеңіп шықты, секіруден,  бөренемен, қоссырықпен жаттығудан, еркін жаттығудан  чемпион атанды. Ал, көпсайыстан алматылық А. Дарменоваға жеңіліп,  2-ші орынды иеленді.

Спорт шеберлігіне үміткер бағдарламасы бойынша Патанин Дмитрий сермеу жаттығуындаекінші болса,  еркін және шығыршықпен жаттығуда 3 орынды иеленді. Бахтыгалиева  Ольга  қоссырықпен жаттығуда 3-ші орынды иеленді.

Азия ойындарына дайындалу жоспары бойынша А. Бауыржанова Түркияда өтетін 26-шы Халықаралық «Босфор»турнирына қатысады.   

Олимпиадалық резерв дайындау орталығы

Яндекс.Метрика