2014 жылғы 20 шілдеде венгер қаласы Сегедте 23 жасқа дейінгі жастар және 18 жасқа дейінгі юниорлар арасында байдарка мен каноэда есуден Әлем чемпионаты аяқталды.

Қазақстан құрамасы үшін ОРДО-ның спортшылары: ҚР спорт шеберлері Сұлтанбеков Дәулет, Ананченко Зоя және халықаралық дәрежедегі спорт шебері Татьяна Канивец  өнер көрсетті.

Екеулікте Д. Сұлтанбеков 1000 м. қашықтықта  В финалында 8 орында болды.Жалғыз ойында Т. Канивец 500 м. қашықтықта В финалында 4 орынды иеленді.

Ал Зоя Ананченко мен оның жұбы Алматылық  спортшы Екатерина Кальтенбергер 500 м. қашықтықта Польша (0,824 сек.) мен Венгрия (0,076 сек.) командаларына  жол беріп, юниорлар арасындағы Әлем чемпионатында  қола медальға ие болды.

Сегедте өткен жарысқа барлығы 72 елден командалар қатысып, 28 жүлде сарапқа салынды. Қазақстан командасы командалық есепте 17 орында.

 

 

Олимпиадалық резерв дайындау орталығы

Яндекс.Метрика