Павлодарда, 2014 жылдың 13-16 маусымында  әйелдер мен еркектер арасында еркін күрестен Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті, бұл жарысқа 16 команда, 250 қатысушы қатысты. Астана құрамасы командасына ОРДО-дан 10 спортшы (5 әйел, 5 ер.)  қатысты.

    ОРДО спортшылары  салмақ  дәрежелері бойынша төмендегі нәтижелерді көрсетті:

    Әбдірашев Ералысалмақ дәрежесі 86 кг., Маңғыстаулық және Алматы обласының спортшыларына жеңіліп, 3 орынды қанағат тұтты. Оқасов Саятбек (65кг) ақтық мәреге жарақатына байланысты шыға алмай қалды, алайда тиісті күміс жүлдеге ие болды. Ізбасар Бауыржан  (73кг)  Алматы және Қызылорда облыстарының спортшыларына есесін жіберіп алып, 3 орынға ие болды. Байтарақов Нұрғали және Керимов Эли жарыста сәтсіз ойын көрсетіп, 8 орынды иеленді.

  Әйелдер арасында Эшимова Жулдыз(53кг.) чемпион атанса, Шиндавлетова Альфия (75кг.) Алматы және Талдықорған облыстарының спортшыларына жеңіліп, 3 орынды иеленді.  Умарова Гүлдана (58кг.)  жәнеҚазбекова Гүлшат (53кг.) 5 орынды иеленді , Аубакирова Сымбат (63кг.) – 8 орынды иеленді.

Олимпиадалық резерв дайындау орталығы

Яндекс.Метрика