Астана қаласы әкімдігінің «Олимпиадалық резерв дайындау орталығы» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі- (бұдан әрі - ОРДО КММ) Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 26 мамырдағы №35-4-481 Қаулысымен құрылған.

ОРДО КММ спортшылармен жаттықтырушылардың ауыспалы құрамында үзбей өткізілетін оқу жаттығу жиынының жұмысын атқаратын қалалық оқу жаттығу және спорттық-методикалық ұйымы болып табылады.

ОРДО КММ-ң жұмысының негізгі мақсаты - олимпиадалық кезеңде жоғары жетістіктерге қол жеткізе алатын жастар мен жасөспірімдер жасындағы республикалық және қалалық құрамаға үміткер спортшыларды жыл бойы орталықтандырып дайындалуын ұйымдастырады.

ОРДО КММ-ң негізгі міндеттері:

- Қалалық құрама командаларға және Қазақстан Республикасының ұлттық штаттық командаларына, Олимпиадалық дайындау Орталықтарына үміткер спортшыларды дайындап және іріктеп енгізу;

- ОРДО КММ-ң спортшылары жастар мен жасөспірімдер арасындағы республика, Әлем және Азия чемпионаттарында және басқа да халықаралық жарыстарда жоғары жетістіктерге қол жеткізу;

- Спортшыларды дайындалу барысында материалдық-техникалық, ғылыми-методикалық, медициналық-биологиалық жабдықтармен қамтамасыз ету.

 

Олимпиадалық резерв дайындау орталығы

Яндекс.Метрика