Астана қаласы әкімдігінің «Олимпиадалық резерв дайындау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2006 жылдың мамыр айында құрылды.

Орталық жұмысының басты бағыты – республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ішінен болашағы бар спортшыларды іріктеу, шеберліктерін арттыру және олимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрамасына спорттық резерв даярлау.

Осы жылдар ішінде Орталықта 500-ден астам жас спортшылар дайындықтан өтті. Бұлардың барлығы спорттың әр түрінен еліміздің құрамасына еніп, спортта белгілі бір дәрежеге жетті. Олардың ішінде: Олимпиада чемпионы, боксшы Данияр Елеусінов, Олимпиада ойындарының қатысушылары: балуан Алмат Кебіспаев, теннистші Алексей Герасименко, шаңғышы Марк Старостин және тағы да басқалары бар.    

2018 жылы Орталыққа спорттың 20 түрінен 170 спортшы тізімге енгізілді. Спортшыларды дайындауға 22 жаттықтырушы үлес қосты, оның ішінде 5 жаттықтырушының «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағы бар. Жоғары нәтижеге қол жеткізу мақсатында халықаралық деңгейдегі спорттық базаларда Қазақстанның және  басқа да елдердің жетекші спортшыларымен бірігіп 55 оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылды.

Гимнастшылар Ресей құрамасының базасында жиын өткізсе, велошабандоздар, ескекшілер, жеңіл атлеттер Қырғызстанда, Өзбекістанда жиын өтті, таеквондо спортшылары мен үйлесімді жүзушілер Алматы қаласында т.б. қалаларда жиындарын өткізді.  

Дайындық жұмыстары халықаралық деңгейдегі іс-шараларда жоғары нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік берді.  

Орталық контингенті 59 республикалық және 48 халықаралық ресми жарыстарға қатысып, 616 медаль иеленді (215 алтын, 226 күміс, 175 қола). Спорттың 6 түрінен Орталықтың 28 спортшысы әртүрлі жас бойынша Азияның жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. Жасөспірім, жеткіншектер және жастар арасындағы әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері спорттың 4 түрі бойынша (бокс, байдарка мен каноэда есу, коньки тебу спорты)  – 7 спортшы: 

бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты: Оралбай Нұрбек (75 кг., I орын), Оралбай Айбек (91 кг., II орын), Тоғанбай Сағындық (81 кг., II орын);

коньки тебу спортынан студенттер арасындағы әлем чемпионаты чемпионаты: Морозов Дмитрий (III орын жеке жүгірістен және II орын командалық есепте), Гаврилов Демьян (III орын жеке жүгірістен және II орын командалық есепте);

байдарка мен каноэда есуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты:  Акчурин Ануар (II орын);

дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионаты: Науатбек Ақмарал (командалық есепте III орын).

XVIII жазғы Азия ойындарында Джакарта мен Палембанг (Индонезия) қалаларында Орталықтың тәрбиеленушілері республиканың негізгі (ересектер) құрамасында да табысқа жете алды. 

Жүзуші  Мусин Әділбек  50 метрлік қашықтықта баттерфляй мен аралас эстафета бойынша екі қола медаль иеленді.

Ананченко Зоя  байдаркамен есуден 500 метрлік арақашықта К-4 – күміс иеленді. 

Тлекенова Адиля көркем гимнастикадан командалық жарыста алтын медаль иеленді.  

Буэнос Айрес (Аргентина) қаласында өткен III жазғы  жасөспірімдер арасындағы Бүкіләлемдік ойындарда Орталық тәрбиеленушілері – боксшы Оралбай Айбек және велошабандоз Брусенский Глеб алтын медаль  ұтып алды.

2018 жылдың спорттық маусым қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық Комитеті өткізген конкурста Брусенский Глеб «Прорыв года!» номинациясы бойынша  жеңімпаз атанды.

Бұл жетістіктердің барлығы бапкерлердің тәжірибесі, спортшылардың дарындылығы мен Орталық ұжымының бірігіп жұмыс жасауы арқасында жүзеге асты.

Астана қаласы әкімдігінің Олимпиадалық резерв дайындау орталығы  қаламыздың тарихына елеулі үлес қосып келеді,  сондай-ақ Қазақстан Республикасы елордасының 20-жылдығын лайықты аяқтайтынын сеніммен айтуға болады.  

Басшы                                                                         С. Кабдулин     

        

 

        

Олимпиадалық резерв дайындау орталығы

Яндекс.Метрика