2018 жылғы 26-30 қараша аралығында, Шымкент қаласында семсерлесуден О. Фелинскаяны еске алуға арналған рапира мен сабля бағдарламасы бойынша  мықты семсерлесушілердің халықаралық турниры өтуде, бұл турнир  2 жас ерекшелік санат бойынша өтуде: ересектер мен 2003 ж.т. және одан кіші жастағылар.                

Астана қаласының семсерлесушісі Әзімханова Адина, 2005 ж.т., рапирадан Өзбекістан спортшысынан жеңіліп,  2-орын алды,  Мырзахметова Камила 2004 ж.т., рапирадан 3-орын алды. Сондай-ақ Астананың тағы бір спортшысы Илья Сираев жартылай финалға етене жақындап, шешуші сәтте басында жеңіп келе жатыр еді, соңында Өзбекістан үштігіне жеңіліп, қорытындысында – 5 орын иеленді. 

Астана командасының қыздары (рапира) 3 орынды қанағат тұтты (Әзімханова А., Мырзахметова К., Исина Д., Құрақова М.).  Кадеттер арасындағы спортшылар жеке есепте: Исабекова Д. -2 орын, Бакирова А.-2 орын иеленді. Жарыс жалғасуда.    

 

Олимпиадалық резерв дайындау орталығы

Яндекс.Метрика