Тректе өткен велоспорттан Қазақстан Республикасының Ұлттық чемпионаты Астанада «Сарыарқа» велотрегінде 16-19 қараша аралығында велоспорттан Қазақстан Республикасының Ұлттық чемпионаты өтті.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен велошабандоздар жиналып, жүлделі орындарға ие болды.

Велоспорттан әлем чемпионы, КСРО спорт шебері, Қазақстан велоспорт федерациясы президентінің кеңесшісі Марат Қуанбайұлы Сатыбалдиев, Олимпиада чемпионы және ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Александр Винокуров, Атлантта өткен XXVI Олимпиада ойындарының чемпионы, әлем чемпионаттарының жеңімпазы,Қазақстан велоспорты федерациясының вице-президенті Зульфия Забирова сынды атақты спортшыларымыз Ұлттық чемпионаттың жеңімпаздарын құттықтап, медальдармен, мақтау қағаздарымен марапаттады.

Өткен чемпионаттатың қорытындысы бойынша ұлттық құрама командасының құрамы жүйеленді, олар Азия чемпионатына қатысады.

«ОРДО» КММ спортшылары келесі нәтижелерді көрсетті:

Айзахметова Әнел - 2 орын (командалық спринт)

Сактағанова Айжан - 2 орын (командалық спринт), 3 орын (спринт), 3 орын (командалық сайыс) , 2 орын (кейрин), 2 орын (гит)

Курносова Марина - 3 орын (командалық спринт), 3 орын (командалық сайыс).

Командалық есепте Алматы облысының командасына жол беріп, Астана құрамасы 2 орынға ие болды.

 

 

 

Олимпиадалық резерв дайындау орталығы

Яндекс.Метрика