Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында үшінші жазғы жасөспірімдік Олимпиада ойындары мәресіне жетті.  

      Бұл жарысқа 206 елдің өкілі қатысты. Қазақстан құрамасы жалпы медальдық есепте 14 орынды иеленді. Құраманың жалпы қанжығасында 10 медаль ұтып алынды, оның ішінде 2 медальды ОРДО спортшылары әкелді. 

      Боксшы Айбек Оралбай, 91 кг салмақ дәрежесінде, финалда Алжир өкілі Мохаммед Амин Хасидты жеңіп, құрамаға төртінші алтын әкелді! 

      ОРДО велоспортшысы  Брусенский Глеб пен Евгений Федоровпен бірігіп, алтын медаль жеңіп алды. 

      Барлық бес сайыстың қорытындысы бойынша велоспортшылар 418 ұпай жинады, соның нәтижесінде жасөспірімдік Олимпиада ойындарында жеңіске жетті. Екінші орынды  Люксембург командасы 276 ұпай санымен ұтып алса, үшінші орынды Великобритания командасы 253 ұпай санымен иеленді.

Олимпиадалық резерв дайындау орталығы

Яндекс.Метрика