Міне,  2018 жылғы 18 тамыз 2 қыркүйек аралығында Джакарт қаласында (Индонезия)  өткен XVIII жазғы Азия ойындары да өз мәресіне жетті, бұл жарыста Қазақстан спортшылары  75 медаль ұтып алды: 15 алтын, 17 күміс және 43 қола медаль.   

        Азия ойындарына қатысуға ұлттық құрама команда сапынан Олимпиадалық резерв дайындау орталығының жастар құрамынан 7 спортшы және ОРДО да ертеректе  дайындық өткен  есеректер құрамынан 11 спортшы бақтарын сынады.

        Осындай биік дәрежедегі жарыста өте жақсы  нәтиже көрсеткен жастар құрамы шыныменде қуантты.

        Адиля Тлекенова (көркем гимнастика)  - командалық жарыста алтын медаль.

        Зоя Ананченко (байдарка мен каноэда есу) – 500 метрлік қашықтықта байдарка-төртігінде күміс медаль.  

        Әділбек Мусин  (жүзу) – екі қола медаль: 50 м, баттерфляй және 4х100м аралас эстафетада  .

        Русанова Д.,  Тыныбаева К. және Дегтярева Я., үйлесімді жүзуден топтық жаттығу бойынша 4 орын алды.  

        Ал, ОРДОда ертеректе дайындық өткен спортшылар жалпы есепке 3 күміс және 4 қола медаль салды.

        Спортшыларда болашақта әлі жаңа жарыстар бар, Адиля Тлекенова 5 қыркүйекте әлем чемпионатына қатысуға Болгарияға ұшады. 

         Біздің спортшыларды шын жүректен құттықтаймыз және әрі қарай  жарыстарда табыс тілейміз!

Олимпиадалық резерв дайындау орталығы

Яндекс.Метрика