Олимпиадалық резерв дайындау орталығының тәрбиеленушісі Әділбек Мусин Индонезияда өткен XVIII жазғы Азиядалық ойындарда  (2018 жылғы 18 тамыз-2 қыркүйек аралығында, Джкарта және Палембанг қалаларында)   қола медаль иеленді.  Әділбек 50 метрлік қашықтықта баттрефлей жаттығуы бойынша  (23,73 сек.) үшінші болып жүзіп келсе, ең үздік көрсеткішті  сингапурлық Джозеф Исаак Шулинг  (23,61 сек.) көрсетті, ал күміс медальды Қытай спортшысы   Пенг Ванг (23,65 сек.) иеленді. 

          Осыған қарамастан,  бұндай көрсеткіш Қазақстан жүзу спортындағы ең жаңа рекордына енді. 

Олимпиадалық резерв дайындау орталығы

Яндекс.Метрика