2018 жылғы 26-29 шілде аралығында Пловдив (Болгария) қаласында жастар (18 және одан кіші жастағылар) арасында байдарка мен каноэда есуден Әлем чемпионаты өтті.

         Жарысқа әлемнің 67 елінен спортшылар қатысты. Олардың ішінде Олимпиадалық резерв дайындау орталығының спортшысы Акчурин Әнуар да бар.

         Біздің спортшы 200 метр қашықтықты артқа тастап, күміс медальді жеңіп алды. Әнуарды және Астана қаласының жаттықтырушылар құрамын құттықтаймыз.

 

Олимпиадалық резерв дайындау орталығы

Яндекс.Метрика