Алматы қаласында байдарка мен каноэда есуден  Қазақстан чемпионаты өтті, осы  жарыстың нәтижесінде «Олимпиадалық резерв дайындау орталығы» спортшылары 9 медальға қол жеткізді.

            Каноэмен жарыста (бір адам жарысы) - 500,1000 және 3000 метрлік арақашықтықта Ананченко Зоя Қазақстан чемпионы атанды.   

Ең жақсы нәтиже көрсетіп, ОРДО спортшысы тағы да 3 алтын медальға қол жеткізді: 

            Каноэда (екі адам жарысы)- Зоя 500 және 200 метрлік арақашықтықта жеңіске жетсе, тағы бір алтын медальды  каноэдан (төрт адам жарысы) 500 метрлік арақашықтықта ұтып алды.  

            Ерлер арасында ОРДО спортшысы Бекежан Ғалымжан 3 медальға қол жеткізді:   1 күміс медаль каноэ (екі адам) жарысында 1000 м. арақашықтықта, екі қола медаль  каноэ (екі адам) жарысында 500 м арақашықтықта және каноэа (төрт адам) жарысында 500 метрлік арақашықтықта жеңіске жетті.

       2018 жылғы мамырдың 2-6 аралығында Алматы қаласының Первомайское көлінде өткен байдарка мен каноэда есуден Қазақстан Чемпионатында барлығы 110 ескекшілер қатысты. Олар 200,500 және 1000 метрлік арақашықтыққа дейін жарысты.

Осыдан бір күн бұрын жасөспірімдер арасында байдарка мен каноэда есуден Қазақстан чемпионаты аяқталған болатын, осы жарысқа біздің де спортшыларымыз 2000 жылы туылғандар және одан кіші жастағылар да қатысты. Бұл жарысқа Астана, Алматы, Теміртау, Жезқазған,Қызылорда және Оңтүстік Қазақтан, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарынан 110 спортшы қатысты.  

 

Осы жарыста «ОРДО» КММ спортшылары төмендегі нәтижелерді көрсетті:  

1-ші күні: арақашықтық- 1000 м  

Акчурин Ануар - Айтбай Береке -  1 орын (каноэ«С2»)  

Муфтукулулы Нуржан - 2 орын, (каноэ«С1»)  

Муфтукулулы Нуржан - Альмагамбетов Ануар - 2 орын, (каноэ«С2»)  

Аманкельды Асия - 2 орын, (байдарка «К2»)

Аманкельды Асия - 3 орын, (байдарка «К1»)

 

2-ші күні: арақашықтық- 500 м  

Акчурин Ануар - 1 орын, (каноэ«С1»)

Акчурин Ануар - Альмагамбетов Ануар - 1 орын, (каноэ«С2») 

Акчурин Ануар - Айтбай Береке - Муфтукулулы Нуржан-Альмагамбетов Ануар - 1 орын, (каноэ«С4») 

Аманкельды Асия - 1 орын, (байдарка «К4»)

Альмагамбетов Ануар - 2 орын, (каноэ«С1»)  

Айтбай Береке - Муфтукулулы Нуржан - 2 орын, (каноэ«С2»)  

Аманкельды Асия - 3 орын, (байдарка «К2»)

 

3-ші күні: арақашықтық- 200 м  

Акчурин Ануар -   1 орын, (каноэ«С1»)

Акчурин Ануар - Альмагамбетов Ануар - 1 орын, (каноэ«С2») 

Альмагамбетов Ануар - 2 орын, (каноэ«С1»)  

Айтбай Береке - Муфтукулулы Нуржан - 3 орын, (каноэ«С2»)  

Аманкельды Асия - 3 орын, (байдарка «К2»)

 

4-ші күні: арақашықтық- 3000 м  

Муфтукулулы Нуржан - 3 орын, (каноэ«С1»)  

 

Бұл жарыс биыл Румынияда жастар командасы арасында (18-жасқа дейінгілер)  өтетін Әлем Чемпионатына іріктеу болып саналды.   

 

 

Олимпиадалық резерв дайындау орталығы

Яндекс.Метрика