2018 жылғы сәуірдің 28-мен мамырдың 2-сі аралығында Малайзия елінің Куала-Лумпур қаласында көркем гимнастикадан 10-шы Азия Чемпионаты өтті. Бұл жарысқа Азияның 18 елінен спортшылар қатысты, соның ішінде Астана қаласының олимпиадалық  резерв дайындау орталығы спортшылары ұлттық құрама командалары  құрамында бар. 

         Нәтижесінде біздің спортшылар әртүрлі дәрежеде 17 медальға қол жеткізді. 

          Сеньор қыздар есебінде 3 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль ұтып алынды. Соның ішінде команданың лидері Алина Әділханова 3 алтын медальға (көпсайыс, доп, лента) ие болса, бір күміс (шеңбер) және бір қола (түйреуіш) жеңіп алды.

           Тағы бір күміс медальды Әділханова Алина, Тлекенова Адиля, Жуматаева Селина және Сарыбай Айдана командалық біріншілікте ұтып алды. Сондай-ақ  тағы бір күміс медаль ұлттық құрама командамызға топтық жаттығулар арқасында келді. Қола медальды спортшылар топтық жаттығулар сайысында жеңіп алды. 

          Жасөспірім қыздар есебінде 4 алтын, 2 күміс, 3 қола медальдар бар.  Абитова Роза 2 алтын медаль (шеңбер, доп) ұтып алса, тағы бір алтынды ол спортшы командалық біріншілікте жеңіп алды, сонымен қатар Бакатова Сабина есебінде бір алтын медаль(түйреуіш)  бар, топтық жатығуда 2 күміс медальға қол жеткізсек, 1 қола медаль Сабина Бакатова есебінде, бір қола медаль Ертайқызы Айбота (лента) қанжығаға байласа, тағы бір қола медальды біздің спортшылар топтық жаттығуда жеңіп алды.

Олимпиадалық резерв дайындау орталығы

Яндекс.Метрика