2017 жылғы 9-14 қазан аралығында Алматы қаласында спорттық гимнастикадан Қазақстан Республикасының  чемпионаты болып өтті.

ОРДО-ның спортшыларыПатанин  Дмитрий  және Бауыржанова  Аидаүздік өнер көрсетті.  Дмитрий белтемірмен және шығыршықпен жаттығудаҚазақстан чемпионы атанумен қатар қосқабат қоссырықта өнер көрсетіп қола жүлдегер атанды.

Аида қолынан алған жарақаттан кейін қалыпқа келіп, көпсайыстан Қазақстан чемпионы атанды. Көпсайыстың жекелеген түрлерінен  ол еркін жаттығу бойынша, сондай-ақ қоссырықпен және бөренемен жаттығу бойынша қола жүлдегер атанды.

Олимпиадалық резерв дайындау орталығы

Яндекс.Метрика