14 желтоқсанда, Астана қаласы әкімдігінің «Олимпиадалық резерв дайындау орталығы» МКҚК қызметкерлері директоры Калин Рустам Ильясұлының бастауымен Астана қаласы Білім беру басқармасының «Арнайы түзету мектеп-интернаты» ММ  барды.

Астана қаласы Білім беру басқармасының «Арнайы түзету мектеп-интернаты» ММ  интеллектуалдық ауытқушылығы бар балаларға педагогикалық-түзету және емдік-сауықтыру көмегін көресетеді, осындай балаларды кәсіптік-еңбек жағдайларына үйретіп, қоршаған ортаны ауырсынбай қабылдау үшін әлеуметтік бейімделуге бағыттайды.   

Мектеп-интернатта дәрігер кабинеті, процедуралық бөлме, оңшалайтын орындар; сенсорлық бөлме, кәсіптік еңбек оқытуына үйрететін шеберхана, спорт зал, әлеуметтік-тұрмысқа бейімделу бөлмесі, информатика кабинеті, Монтессори-кабинет,  тіл мүкітістігін түзету кабинеттері т.б. бөлмелері бар.

Мектеп-интернат директоры Каримжанов Бахриден Сарбасович мектептің ерекшеліктері жайлы, осындай мектепке оқитын баларлардың ерекшеліктері, тәрбилеушілердің, ұстаздардың жұмыстары және жалпы мекеменің барлық жұмыстары жөнінде айтты. Біздің келуімізге орай мектеп оқушылары өнерін көрсетіп,  шағын концерт ұйымдастырды.

Концерттің соңында біздің мекеме атынан 80 жұп коньки, гимнастикаға арналған 6 доп және спорттық формалар табыс етілді.

 

Олимпиадалық резерв дайындау орталығы

Яндекс.Метрика