«Ана көрегендігінің теңдесі жоқ.

Ана мен баланың арасын көзге көрінбейтін

 тылсым сырлы жіп жалғап тұрады».

 О.Бальзак

 

 

          Ана – бұл баланы өмірге деген құштарлыққа баулитын, өмір сүрудің керемет екендігін сезіндіретін, мейлі ол ұл болсын, мейлі қыз болсын, осы дүниеде өмір сүрудің қаншалықты бағалы екендігін сезіндіретін бірден бір жан!

         Бізге ата-ана қамқорынан мақрұм қалған, балалар үйінде тұруға мәжбүр болған кішкентай балапандардың ішкі жан-дүниесінде не болып жатқанын елестетудің өзі өте қиын. Жетім балалардың психологиялық ерекшеліктері туралы көтпеген ғылыми жұмыстар, мақалалар, кітаптар жазылған, осы балаларға барлық өмірін арнап, көмек көрсетуші: педаготар, психологтар, тәрбиешілер т.б.

         Жетім балалар туралы айтқанда, ең маңыздысын айта кету керек деп ойлаймын: мұндай балалардың тастандылық әсерлері қалып қояды. Бұл адамдарға деген сенімсіздікті туғызады және өзін-өзі төмен бағалауы мен өздерін ортада төмен ұстауларына әкеліп соғады. Өзін-өзі теріс қабылдаудың астары ЖЕТІСПЕУШІЛІК МЕЙІРІМДІЛІК, яғни тек ана ғана бере алатын МАХАББАТ жатады.

          Біздің қазіргі заман қоғамында балалар үйіне көмек бергісі келетін, көмек беруге тырысатын қайымдылар өте көп, олар балаларға ойыншықтар, киім-кешектер әкеліп, әртүрлі материалдық көмектер көрсетеді.

          Бізде осындай шарадан тыс қалмадық. 30 қарашада, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында, Астана қаласының Дене тәрбиесі және спорт басқармасы бастамасымен және қолдауымен біздің мекеме Астана қаласы әкімдігінің «Олимпиадалық резерв дайындау орталығы» МКҚК директоры Калин Рустам Ильясұлы бастаған, Астана қаласы әкімдігінің Балалар үйіне бардық.

           Балалар үйі 1986 жылы Целиноград мектеп-интернатынан Балалар үйі деп қайта құрылды. Астана қаласы әкімдігінің Балалар үйі барлық қажеттілікпен жабдықталған, 6 тұрғын үй корпусынан тұрады. Балалар үйінде Ақкөл ауданында орналасқан «Боровичок» атты өз демалу орындары бар. Балалар үйі құрамында 15-20 тәрбиеленушіден тұратын, 12 отбасы бар, мұнда балалар 4 жастан бастап, негізгі және орта мектепті аяқтаған уақытқа дейін болады. Отбасылар туыстық қарым-қатынас жасап тұру есебімен ұйымдасқан. Бұл аға-қарындасқа бір отбасында тұруға мүмкіндік береді. Балалар үйінде тәрбиленушілердің бос уақытын ұтымды қолдану жақсы дамыған. Балалардың мынадай шығармашылық үйірмелеріне қатысуға мүмкіндігі бар: «Асыл арман» би ұжымы, «Юность Астаны» вокал тобы, «Адырна» халықтық инструмент оркестрі, үрмелі аспаптар оркестрі,  тігін тігу үйірмесі және қолданбалы шығармашылық, «Жастық» театрлық студиясы, «Өнер» көркем бейнелеу өнері. Тәрбиеленушілер  мындай спорт секторларына:  баскетбол, футбол, хоккей, джиу-джитсу, әйелдер күресі,   шахмат ойынына үйрету сияқты секторларға қатысады.. 

         Біздің қызметкерлер балалар үйінде бірнеше рет болған,  алайда, онда кірісімен жалғыздық пен қамығу  сезімін сезінеміз. Сонымен бірге, әрине, ашу, торығу, аяушылық, шарасыздық сезімі де келеді, біздің бір күндік балалар үйінде болғанымыздан оларға  жеңілдірек болмайды.  Оларға әр күн сайын өз ата-аналарынан мақрұм қалған махаббатқа, қолдауға, түсінушілікке, мейірімділікке, қамқорлыққа зәру болады.

        Сондай-ақ  осы балаларға деген жақсы көзқарастары үшін Балалар үйінің барлық ұжымына, директоры Қонқабаев Оразымбет Жансейітұлына үлкен алғысымызды білдіреміз, олар өз махаббаттары арқасында жетім балалардың әлемін жақсарта түсуге бар күш-жігерін жұмсайды.   

          Біздің келуімізге орай, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында, Балалар үйінің тәрбиленушілері өте жоғары деңгейді  хореография бойынша, вокалдық өнерлерін көрсетіп, концерт ұйымдастырды. Сондай –ақ Балалар үйі қабырғаларында балалардың  жұмыстары туралы, музыкалық шығармашылық, спорттық жарыстарға қатысқан іс-шаралары жөнінде жұмыстары ілінген.  Балалардың спорттық жетістіктерге  қол жеткізулері мақсатында,  біздің мекемеден мынадай сыйлықтар: 100 коньки, шаңғы,  екі командаға арналған хоккей таяқтары, волейбол және баскетбол доптары сыйға тартылды. Әрине,   дүниенің байлығын сыйласаң да ата-ананың махаббатының орын баса алмайтыны белігілі, алайда, біздің еліміз осындай балалар біз үшін қаншалықты маңызды екендігін сезінуге барлығын жасайды, олар біздің үлкен отбасымыздың бір бөлшегі ретінде саналады,  БҰЛ БАЛАЛАР- ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ, БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ!

Олимпиадалық резерв дайындау орталығы

Яндекс.Метрика