17-26 қарашада,Санкт-Петербург қаласында,«Сибур Арена» стадионында, бокстан жастар арасында әлем Чемпионаты өтті.  Чемпионатқа 75 мемлекеттен 402 спортшы, 10 салмақ дәрежесі бойынша қатысты.

       Қазақстан командасы құрамында осы Чемпионатқа Астана қаласының «Олимпиадалық резерв дайындау орталығы» спортшысы Ахмедов Садриддин 69 кг салмақ дәрежесі бойынша қатысты. 

       Осы әлем Чемпионатында Қазақстандық спортшылар барлығы 4 медаль жеңіп алды. Алтын медаль Ахмедов Садриддинның еншісіне бұйырды, ақтық мәреде Садриддин украиндық Павел Гулейді 4:1 есебімен жеңді, ол жекпе-жекті өте батыл, белсенді өткізіп, табандылық көрсете білді. Садриддинның басымдылығы үстем екені айқын болды.  

2-ші күміс медальдарды Талтаев С. 56 кг салмақ дәрежесінде және Нұрмағанбет Б. 75 кг салмақ дәрежесінде жеңіп алса, Нұрдаулетов Б. 81 кг салмақ дәрежесінде қола медальға ие болды. 

      Садриддинды және оның бапкері Маулен Мұстафинды, сондай-ақ барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!                

 

Олимпиадалық резерв дайындау орталығы

Яндекс.Метрика