7-12 қарашада, Шымкент қаласында, спорттық гимнастикадан «Олимпийские надежды» атты Қазақстан Республикасының жастар чемпионаты өтті.

        5-ші мәрте Олимпиадалық резерв дайындау орталығы спортшысы Дмитрий Патанин марапатталуға жеңіс тұғырына көтерілді. Спорт шеберлігіне үміткер бағдарламасы бойынша қатысып, Дмитрий қоссырық жаттығуында, тіреліп секіруден, еркін жаттығулардан және көпсайыстан жеңімпаз атанса,  сондай-ақ  шығыршық жаттығуын орындауда 2 орынды иеленді.

        Бахтыгалиева  Ольга  спорт шеберлігі бағдарламасы бойынша қатысып, ол да 5 мәрте марапатталуға жеңіс тұғырына көтерілді. Ольга бөренемен жаттығуда, қоссырық, тіреліп секіруден, еркін жаттығулардан 2-ші орынды иеленсе, көпсайыстан 3-ші орынға ие болды. 

Олимпиадалық резерв дайындау орталығы

Яндекс.Метрика