Теміртау қаласының Самарқанд су қоймасында 2015 жылғы 24-26 шілде аралығында 1997-1998 және 1999-2000 ж.т. жасөспірімдер арасында академиялық есуден ҚР чемпионаты өтті.

Олимпиадалық резерв дайындау орталығының есушілері 10 алтын, 4 күміс және 3 қола медальдарды ұтып алды.

Чемпионаттағы 105 қатысушылардың арасында біздің спортшылардың иеленген жүлделі орындары  барлығы 24 айналымның ішіндегі 17 айналымында ұтып алды. Қыздар арасынан Қали Индира, Филатова Виктория, Тарасова Дарья және жігіттер арасынан Санаубеков Еркен, Мустафаев Айдос, Сыдыков Темірлан, Конуршин Саид осы чемпионатта 100 пайызға өздерін көрсетті.

Спортшыларымызды және жаттықтырушымыз Бренер Евгенийді тамаша нәтижелерімен құттықтаймыз!  

Олимпиадалық резерв дайындау орталығы

Яндекс.Метрика