«Cadet European Judo Cup» халықаралық турнирде әлемнің барлық континенттерінен қатысқан 26 ел арасындағы қазақстандық спортшылар 1 күміс және 4 қола жеңіп алды.

Астаналық спортшымыз 73кг салмақтағы Амангелді Мади Қазақстан қоржынына жалғыз күмісті салып 2-ші орынды иеленді. Ол Австрия, Бразилия, Нидерланды спротшыларын жеңіп 4 тартыстыда табысты өткізді. Финалда Ресей спортшысы Арам Григорянға жол беріп қойды.

Осы турнирде Қазақстан әйелдер құрамасында біздің жерлес Науатбек Ақмарал өнер көрсетті. Ақмарал турнирдік кестеде 5 орынға ие болды.

Халықаралық турнир өте жоғары деңгейде өтті және спортшыларымыздың қарсыластары өте мықты болды.

Олимпиадалық резерв дайындау орталығы

Яндекс.Метрика