Шымкент қаласында 19-23 сәуір аралығында А.Нұрмахановты еске алуға арналған Халықаралық турнир өтті. Бұл турнирге біздің спортшыларда қатысты.

Ермеков Ерболат 64кг салмақ категориясында өнер көрсетіп жартылай финалға жетті. 1-ші кездесуде техникалық нокаутпен Балтабаев Талғатты (ОҚО) ұтты, 2-ші кездесуде Динкенов Бексұлтанды (ШҚО) жеңді, 3-ші сайыста дәл осындай қарқындылқпен Ракишев Абылайды (Қарағанды облысы) жеңді. Өкінішке орай жартылай финалда Ерболат ОҚО-ның спортшысы Исак Ақмадияровқа жол беріп жеңілді.

Астана қаласымен 91кг дейінгі салмақ категориясында Орынбасаров Адлет өнер көрсетті. Адлет 1-ші сайыста Өзбекстан спортшысын 3:0 есебімен жеңді, бірақ жартылай финалда Алматы қаласының боксшысы Нурматов Алиден жеңілді.

Осылай біздің 2 спортшымыз осы халықаралық турнирде қола медальге ие болды.

Олимпиадалық резерв дайындау орталығы

Яндекс.Метрика