Осы күндері Павлодар қаласында өткен КСРО спорт шебері және ҚР ең бексіңірген бапкері Сейсенбаев атындағыхалықаралық турнирде олимпиадалық резерв дайындау орталығының спортшысы Хаби Алтынай (63кг) өте жақсы ойын көрсетті. Спортшымыз 4 спорттық белдесу өткізді. Бірінші тартыс Қызылорда облысының спортшысы А.Болатпен 10:0 есеппен өтті, екінші белдесу  Ақмола облысының спортшысы М. Қуатбековамен 10:0 есеппен өтті, үшінші тартысОҚО спортшысы А.Казюлинамен 10:0 есеппен өтіп, ақтықсындаАтырау облысының спортшысы Н.Кубашеваны айқын басымдықпен жеңді.Осылай, ол спорт шебері атағының нормативін орындады. Жарайсың, Алтынай!

Біздің тағы бір спортшымыз Мусурманов Жақсылықосы турнирде қола медалін жеңіп алып мәретұғырдың үшінші сатысына көтерілді.Шымкентте өткен «Ашық кубок» халықаралық турнирде ол  бірінші орынды жеңіп алғанында айта кету керек.

Құттықтаймыз, Жақсылық!

Олимпиадалық резерв дайындау орталығы

Яндекс.Метрика