Шымкент қаласында 29 қаңтар мен 2 ақпан аралығында жастар арасында көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Біздің спортшылар үшін бұл бастама өте сәтті болды.  Астана қаласының құрамасы командалық біріншілікте 1 орынды алды. Қазақстан Респбуликасының  спорт шебері  нормативін 5 спортшы  орындады, олар - Елизавета  Майновская,  Вероника Лысогор,  Амина Қожахат, Виктория  Гуслякова  и  Нұрай  Құмарова.

Мадина Нұрғали 2000-2002 ж.т.жасөспірімдер арасындағы жарыстарда абсолютті жеңімпаз атанды, ол бес бірінші орындарға ие: көпсайыста және жаттығулардың барлық түрлерінде,оның ішінде: гимнастикалық шеңбер, доп, секірмежіп және гимнастикалық ұршық.

Сонымен қатар 1999 ж.т. және одан үлкен жастағы сеньоркалар арасындағы топтық жаттығуларда біздің спортшыларға тең келген ешкім болмады. А. Қожахат,   В.Гуслякова,  Н. Құмарова,  К. Нұрғазина бағдарламалардың барлық түрлерінде: көпсайыста, «два обруча – шесть булав» және «пять  лент» жаттығуларындажеңіске қол жеткізді.

Алия Асымова 1999 ж.т. және одан үлкен жастағы сеньоркалар арасындағы жекелей жарыстарда көпсайыста, гимнастикалық шеңбермен, ұршықпен  орындалатын  жаттығуларда 1 орынды алды және лента, доппен орындалатын жаттығуларда 2 орынға ие болды.

Чемпионаттың ашылуында халықаралық дәрежедегі спорт шебері куәлігі ХХVII  Азия ойындарының қола жүлдегерлері Алия Асымова мен Екатерина Скориковаға салтанатты түрде табысталды.

Қазіргі күні Алия Асымова осы жылдың ең басты жарысы - көркем гимнастикадан болатын Әлем чемпионаты және Әлем кубогінің кезеңдеріне қатысу үшін дайындық үстінде. Екатерина Скорикова мен басқа спортшылар халықаралық жарыстарға дайындалып жатыр.

Біз барлық спортшылармен  жаттықтырушыларды құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!

 

Олимпиадалық резерв дайындау орталығы

Яндекс.Метрика