Астана қаласында  24-29 қаңтар аралығында  «Сарыарқа» велотрегінде велотректен  қыздар мен жасөспірімдер арасында республикалық жарыс  және  ересектер арасында Қазақстан Республикасының ашық чемпионаты өтті.

Олимпиадалық резерв дайындау орталығының спортшылары  Алматы облысының  спортшыларына  жол беріп   жалпы командалық  2 –ші орынды алды, ал 3- ші орынды Қарағанды облысының спортшылары иеленді.

Жеке есепте ҚР чемпиондары:  Сатликов Максим (топтық жарыс), Искакова Амелия (спринт) және Кенеев Алмас (топтық спринт).  Күміс және қола жүлдегерлері  Розенберг  Эдуард,   Онищук  Вадим   және  Нуралиев   Ерғали.  Болат  Ниязов  жасөспірімдер арасындағы республикалық жарыстың жеңімпазы  атауына лайық болды.  

Олимпиадалық резерв дайындау орталығы

Яндекс.Метрика