Алматы қаласында 13-15 қаңтар аралығында үстел теннисінен ҚР негізгі құрама командасына іріктеу турнирі өтті. Турнирге Астана қаласының Олимпиадалық  резерв дайындау орталығының спортшысы  Анастасия Лаврова қатысты.А. Лаврова осы кездесуде  Батыс Қазақстан облысының спортшылары Н.Сладковаға,Г. Хусейновағажәне Қарағанды облысының спортшысыЮ.  Гац-ке жол беріп, 4-ші орынды иеленді.

Бұл жарыс  ҚР чемпионаты мен спартакиадасының бастамасы, ал  Анастасия осындай жарыстарда жүлделі орындарды алуға үміткер болып табылады.

Сәттілік тілейміз!

Олимпиадалық резерв дайындау орталығы

Яндекс.Метрика