11-16 қарашада, «Дәулет» спорт кешенінде  таеквондо жоғары мектебінің негізін қалаушы, таеквондодан түрік және қазақ мектептерінің негізін қалаушы, белгілі спортшы,   алты дүркін әлем чемпионы  Мұстафа Өзтүрктің рухына арналған Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті, Мұстафа Өзтүрктің көзі тірі болғанында ол қазыр 60 жасқа толушы еді... 

       Бұл жарыс алғашқы рет біріккен форматта өтті : жасөспірімдер және ересектер. Мықтылар атағына 264 спортшы бақ   сынасты. Осы чемпионаттың жеңімпаздары Қазақстанның ұлттық құрамасына енеді.

        Астана қаласының Олимпиадалық резерв дайындау орталығының спортшылары чемпионатта 9 медальға ие болды, олардың ішінде:   2 алтын (қыздар арасынан Қосмағамбет  Ботагөз және ересектер арасынан Бибалаева Гүлім), ересектер арасында  3  күміс медаль:  Теңізбаев  Азамат,  Сүлеймен  Даулет  және  Серікбаев  Әлімжан.    3 қола медаль: жасөспірімдер арасынан Шәкім  Жандос  , ал ересектер арасынан Меделхан   Мирас,  Баратқанова  Алина  және Сұлтанов  Санжар.

        Жасөспірімдер арасындағы командалық есепте біздің спортшылар 2-орынды иеленді. 

 

 

Олимпиадалық резерв дайындау орталығы

Яндекс.Метрика